×

Су тапшылығы, құрылыстың тығыздығы: астаналықтар Сенат депутатына шағымын айтты

Андрей Лукин елорда тұрғындарымен кездесті

 Халық үні 19.07.2023 | 16:52
фото: Halyq Uni

Сенат депутаты Андрей Лукин Астана аудандарының тұрғындары және әкімдіктердің өкілдерімен кездесті.

Әкімдік өкілдері кездесуде 2023 жылдың бірінші жарты жылдығының қорытындысы бойынша атқарылған жұмыстар туралы айтып берді.

Депутат бюджеттік бағдарламаларды іске асырудағы 2023 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша есептерді, сондай-ақ 2023-2025 жылдарға жоспарланған шығыстар туралы ақпаратты да тыңдады.

Депутатпен және әкімдік өкілдерімен кездесуге қаладағы ынталы аудан тұрғындары да келді. Азаматтарды қызықтырған мәселелердің қатарында тұрғын үй саясаты, атап айтқанда, көппәтерлі тұрғын үйлер құрылысының тығыздығы және тұрғын үй кешендеріндегі су қысымның азаюы мен судың мүлдем болмауы туралы болды.

Сенатор кездесуде айтылған барлық мәселе Парламент назарында болатынын жеткізіп, Сенаттың өткен сессиядағы жұмысының қорытындылары туралы хабардар етті.

«Парламент VIII шақырылымның I сессиясы барысында жалпы алғанда 25 заңнамалық акті қабылдады, оның ішінде еліміз бен халық үшін аса маңызды «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» заң қабылданды, ол Қазақстан аумағында да, одан тыс жерлерде де заңсыз сатып алынған активтерді қайтаруға, сондай-ақ еліміздің заңнамасындағы мүлікті заңсыз сатып алу мен қаржыны шығаруға ықпал еткен жағдайларды жоюға мүмкіндік береді», - деп атап өтті сенатор.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама