×

Ақтөбеде шетелдіктер пәтерден 60 млн теңге ұрлап кеткен

Күдіктілер қамауға алынды

 Динара Амантай 18.07.2023 | 16:37
Фото: polisia.kz

Ақтөбеде шетелдік азаматтар кәсіпкердің пәтерін тонап кеткен, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 15 шілдеде белгісіз біреулер Ақтөбе қаласында кәсіпкердің пәтеріне заңсыз кіріп, сейфтен ірі көлемдегі ақшаны қолды қылған. Салдарынан 46 жастағы кәсіпкерге 60 миллион теңге көлемінде мүліктік шығын келтірілген.

Полиция қызметкерлері «ізін суытпай» 38 жастағы шетелдік азаматты ұстады. Оның жалдамалы пәтерінен ұрланған ақшаның бір бөлігі алынды. Сонымен қатар жасалған қылмыстан кейін оңтүстік өңірдегі шекара арқылы бой тасалағысы келген 34 жастағы шетелдік азаматты Сарыағаш ауданы полиция басқармасының қызметкерлері қолға түсірді. Одан да ірі көлемде ақша қаражаты алынды.

Күдіктілер жасаған қылмысын мойындады. Қазір олар уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама