Halyq Uni логотип
×

Павлодар облысында пойыз төбесінде селфи жасаған қыз жансақтау бөліміне түсті

Бойжеткен көптеген дене жарақатын алған

 Данияр Айтпайұлы 02.05.2022 | 00:10
Павлодар облысында пойыз төбесінде селфи жасаған қыз жансақтау бөліміне түсті
фото: ашық дереккөзден

Оқыс оқиға Жолқұдық теміржол станциясында болған. Вагон төбесінде суретке түспек болған павлодарлық қыз ауруханаға түсті.

18 жастағы бойжеткенді электр тоғы соқты. Оның денесінің оң жақ бөлігін термиялық күйік шалған. Сонымен қатар II-III дәрежелі травматикалық шок алған. Бас терісінің көгерген жарасы бар, - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасы.

Дәрігерлердің айтуынша, қыздың денесінің 50 пайызы, яғни денесінің оң жақ жартысы, аяғы мен қолы күйген. Бойжеткеннің селфи жасау үшін пойыз төбесіне шыққанын оқиға куәгерлері айтып отыр.

«Адам да, мал да қырылып жатыр». Тараз тұрғындары теміржол бойына өткел салып беруді сұрайды. Жамбыл облысында екі жасар бала пойыз астына түсіп, мерт болды. Қарағандыда бойжеткен жүк пойызының астына түсіп, қаза тапты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама