×

Жамбыл облысында 2 жасар бала пойыз астына түсіп, мерт болды

Қайғылы оқиға Малдыбай стансасында болған

 Ұлдана Жұбай 05.03.2022 | 14:50
көрнекі фото: Halyq Uni

Жамбыл облысында екі жасар бала пойыз астына түсіп, қайтыс болды. Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» компаниясының баспасөз қызметінен мәлім етті.

Қайғылы оқиға 4 наурыз күні, сағат 17:52-де Малдыбай стансасында болған. Оқиға кезінде сәби қауіпті аймақта ересектердің қарауынсыз жүрген. Алдын ала мәлімет бойынша, баланың отбасы теміржолға жақын жерде тұрады.

ҚТЖ баспасөз қызметі балаларды теміржол, вокзал перрондарында қараусыз қалдырып кетудің қаншалықты қауіпті екенін көпшіліктің есіне салды.

Еске салайық, бұған дейін Тараз қаласының іргесіндегі үш елдімекен мен бірнеше саяжай тұрғындары шойын жолдың қос қапталын қоршауды талап етті. Олардың айтуынша, теміржол бойында адам мен мал шығыны көбейген.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама