×

Ақмола облысында кәсіпкерлерге қатысты қозғалған 7 қылмыстық іс тоқтатылды

Прокуратураның үйлестіруімен 5 мыңға жуық бизнес субъектілерінің құқықтары қорғалды

 Динара Амантай 15.07.2023 | 11:07
Фото: baq.kz

Ақмола облысында прокуратураның үйлестіруі арқылы жүргізілген жұмыстардың нәтижесіне өңірде тіркелген қылмыстардың саны өткен жылмен салыстырғанда 18,6%-ке азайғанын көрсетті. Бұл туралы облыс прокуроры А.С. Майлыбаев осы жылдың 1-ші жартыжылдығы бойынша жұмыс қорытындысы туралы брифинг барысында айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Оның айтуынша, прокуратура қызметкерлерімен қоғамдық мүдделерді қорғау саласында жүргізілген тексерістер мен талдаулар нәтижесінде 34 қылмыстық істер тіркеліп, олардың бірқатары бойынша сот үкімдері шыққан.

Тек осы жылдың өзінде заңсыз алынған немесе пайдаланылмай жатқан 238 мың гектардан астам жер прокурорлардың ықпалымен мемлекетке қайтарылды. Прокуратура жүргізіп жатқан «Жер заң бойынша» жобасы аясында жарты миллион гектардан астам жайылым тапшылығы 127,2 мың гектарға азайды.

Сонымен қатар облыс прокуроры жолдарды, инженерлік жүйелерді жөндеуге бөлінген миллиардтаған қаражатты жымқырып, мемлекетке орасан зор шығын келтірген тұлғаларға қатысты прокурорлармен тергеу жүргізіліп, олар бойынша сот үкімдері шыққанын да атап өтті.

Бұдан бөлек, прокурорлар осы жылы 5 мыңға жуық бизнес субъектілерінің құқықтарын қорғап, оларға қатысты негізсіз қозғалған 7 қылмыстық істі тоқтатты.

Ведомство өкілдерінің үйлестіруімен 7 мыңға жуық балаларға 500 миллион теңгеге жуық алименттер өндіріліп, алименттер төлемеген 143 борышкер әкімшілік, 4-уі қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама