×

Күлтөбе қалашығында жөндеу жұмысы жүргізіліп жатыр

Құрылысқа былтыр республикалық бюджеттен 4 млрд. теңге бөлінген

 Дастан Жұмабекұлы 14.07.2023 | 16:10
Фото: otyrar.kz

Түркістан облысында Күлтөбе қалашығы мен «Әзірет Сұлтан» қорық-мұражайының аумағын абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл жерде құрылыс 2021 жылы басталды.

Құрылысқа былтыр республикалық бюджеттен 4 млрд. теңге бөлінген еді. Нәтижесінде күмбез шатырлары орналастырылып, 27 тірек және 303 дана бетон қадаларын қою жұмысы аяқталды. Күмбез бөлшектері арнайы шетелден алынған.

Сонымен қатар, мұнда биіктігі 17 метр болатын шаңырақ іспеттес қондырғылар орнатылды. Жоба аяқталса, аймақ туристік мекенге айналады деп жоспарланған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама