×

Атыраудағы балалар үйінің былығын әшкерелеген мұғалім өміріне алаңдаулы (ВИДЕО)

Маған жан-жақтан қысым көрсетіліп жатыр, - дейді ол

 Еркеғали Болатұлы 14.07.2023 | 12:27
фото: видеодан скриншот

Атыраудағы «Шаңырақ» отбасы үлгісіндегі балалар ауылының мұғалімі мекемеде болып алып жатқан заңсыздықты жұртшылыққа жария еткені үшін орынсыз жұмыстан босатылып, қысым көргенін мәлімдеді. Бұл туралы egovpress парақшасына жазылды.

Мұғалім өзіне қысым көрсетілгенін жеткізіп, қазір мемлкет басшысы мен қазақстандықтардан қолдау сұрап отыр.

Мен Досалиева Мәрияш Тоқтарқызымын. «Шаңырақ» балалар ауылында жұмыс істеген кезімде балалармен қарым-қатынасым жақсы болды. Кейін 150 нөміріне, сенім телефонына біреу қоңырау шалып, балаларды мазақ етіп, заңсыз әрекеттер жасадың деп айыптады. Балалар үйіндегі мән-жайды ашық айтқаным үшін маған жан-жақтан қысым көрсетіліп жатыр. Өз өміріме алаңдап отырмын, - деді мұғалім өзінің видеоүндеуінде.

Еске сала кетсек, бұған дейін «Шаңырақ» балалар ауылында тәрбиеленушілерді дәретхана суын ішуге мәжбүрлегені туралы ақпарат тараған еді. Осы мекемедегі Нұрдәулет есімді бала көзіне жас алып, қиындықтары туралы айтып, әділдік орнатуды да талап еткен болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама