×

Шымкенттіктерден 60 млн теңгені алдап алған әйел іздестіріліп жатыр

Ол 5 адамды сан соқтырып кеткен

 Динара Амантай 14.07.2023 | 11:55
Фото: polisia.kz

Шымкенттіктерді 60 млн теңгеге алдап кеткен күдікті әйел іздестіріліп жатыр, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 1963 жылы туған Мыңбаева Азиза Мамытқызына іздеу жарияланған. Ол ҚР ҚК 190-бабының 4-бөлігі («Аса ірі мөлшерде жасалған алаяқтық») бойынша (5 азаматты алдаған) күдікке ілінді.

Нақты айтқанда, алаяқ сатылатын үйлердің иелерін жылжымайтын мүлік құнының 10-15 пайызын төлеп, сенімхат жазып беруге көндіріп, қалған соманы жақын арада төлеуге уәде берген. Қажетті құжатты алғаннан кейін, ол басқа біреудің мүлкін қайта сатып жүрген.

Қазір әйел тергеу органдарынан жасырынып жүр. Оның бұрын да іздеуде болғаны анықталды.

Полицейлер іздеуде жүрген адамның орналасқан жері туралы қандай да бір ақпарат білетіндерден «102» арнасына немесе 8-771-671-56-63; 57-27-42; 51-22-01; 57-27-60; 57-01-02; факс: 57-03-41 нөмірлеріне хабарласуды сұрайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама