×

Шымкентте адам өлтірмек болған күдікті іздестіріліп жатыр

Оған халықаралық іздеу жарияланған

 Динара Амантай 13.07.2023 | 10:48
Фото: polisia.kz

Шымкент қаласы Еңбекші аудандық ПБ 1994 жылы туған Тойшыбек Бағлан Нұрланұлына іздеу жариялады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Күдіктінің бұрынғы мекенжайы – Шымкент қаласы, Самал-1 мөлтек ауданы, Еркіндік көшесі, 34 үй. Бағлан Тойшыбек 2 жыл бұрын 24 қарашада сағат 20:00 шамасында Күншығыс шағын ауданы, №3 үй жанында жергілікті азаматты бірнеше рет пышақтап, ауыр дене жарақатын салып, оқиға орнынан қашып кеткен.

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 24-99-бабы, 1-бабы («Кісі өлтіруге оқталу») бойынша тіркелді. Ер адамның тергеу мен соттан бой тасалап, тұрғылықты мекенжайынан көшіп кеткені анықталды.

Бұған дейін, 2021 жылы Бағлан Тойшыбекке қатысты екі рет іздеу жарияланды, олардың бірі – халықаралық іздеу. Өкінішке қарай, атқарылған жұмыстар өз нәтижесін бермеді.

Суретте көрсетілген жігітті көрген-білгендер болса, бірден полицияның 102 арнасына немесе (8-771-671-56-63) 57-27-42; 51-22-01; 57-27-60; 57-01-02; факс: 57-03-41 нөміріне хабарласу қажет.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама