×

Көкшетауда психотроптық затпен елорда тұрғыны ұсталды

Сотқа дейінгі іс жүргізу басталды

 Динара Амантай 12.07.2023 | 12:54
Фото: видеодан скриншот

Көкшетау қаласында психотроптық затпен елорда тұрғыны ұсталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, «Қарасора-2023» және «Допинг» операциясы шеңберінде облыс орталығының аумағында Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы есірткі құралдарын тікелей байланыссыз тәсілмен тарату үшін Көкшетау қаласына арнайы барған Астананың 23 жастағы тұрғынын ұстаған.

Ұсталған азаматтан мефедрон психотроптық заты бар 17 түйіншек тәркіленді. Сонымен қатар ол жедел қызметкерлерге есірткіні құпия орындарына жасырып үлгерген жерлерін көрсетті. Нәтижесінде жігіттен салмағы 20 граммнан асатын 20 түйіншек және ұялы телефон тәркіленді. Оның көмегімен есірткіні жасырын салу фото-есептерін жасаған, – делінген хабарламада.

ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталды. Күдікті Көкшетау қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама