×

Атырау облысында отбасының шырқын бұзғандар қамауға алынды (ВИДЕО)

Оларға жаза күшейеді

 Дәурен Ерболат 11.07.2023 | 16:02
Фото: Halyq Uni

Атырау облысында отбасының шырқын бұзған 34 ер адам әкімшілік қамауға алынды, деп хабарлады Polisia.kz.

Биыл 1 шілдеден бастап Зорлық-зомбылыққа қатысты заң күшіне енген еді. Оған сәйкес полиция жәбірленушінің арызынсыз істі тіркей алады.

Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 73, 461, 669-бабтарына сәйкес, отбасылық-тұрмыстық қарым-қатынаста заң бұзғандар әкімшілік қамауға алынады әрі заңды қайта бұзса, әкімшілік қамауға алу мерзімі 25 тәулікке дейін ұзартылады.

Жыл басынан бері тұрмыстық зорлық-зомбылық бойынша 102 нөміріне 4097 хабарлама келіп түскен.

Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 73-бабы бойынша 1 198 адам жауапқа тартылса, 1 365 құқықбұзушыға қорғау нұсқамасы шығарылған.

334 адамға ерекше талап қойылып, Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 461-бабы, яғни қорғау нұсқамасын бұзған 96 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бүгінде отбасының шырқын бұзған 34 адам әкімшілік қамауға алынды, - деп жазылған хабарламада.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама