×

Абай облысында оқ-дәріні заңсыз сақтаған тұрғын жазаға тартылды

Оның айтуынша, оқ-дәрі 15 жыл бұрын қайтыс болған әкесінен мұраға қалған

 Динара Амантай 11.07.2023 | 14:46
Фото: polisia.kz

Абай облысының тұрғыны әкесінен мұраға қалған оқ-дәріні сақтағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, Көкпекті ауданының 44 жастағы тұрғынының оқ-дәріні заңсыз сақтағаны үшін 6 айға бас бостандығы шектелді. Зауытта жасалған және атуға жарамды автоматтың, қол пулеметінің және аңшылық мылтықтың оқ-дәрілері ер адамның үйін тінту кезінде табылды. Оның айтуынша, оқ-дәрі 15 жыл бұрын қайтыс болған әкесінен мұраға қалған.

Осы қылмыстық құқықбұзушылық үшін ер адам Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексі 287-бабының 3-бөлігі бойынша 6 айға бас бостандығын шектеу түріндегі жазаға сотталды.

Қазір бұл азамат Абай облысы Көкпекті ауданының пробация қызметінің есебіне қойылды. Онымен қылмыстық және әкімшілік құқықбұзушылықтарға жол бермеу бойынша профилактикалық сипаттағы әңгіме жүргізіледі. Сотталған адам жазаны өтеу тәртібі мен шарттарын бұзбайтынына сенеміз. Ол түзу жолға түскісі келеді, – деді Абай облысы бойынша ҚАЖД Көкпекті аудандық пробация қызметінің инспекторы Ернат Ермеков.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама