×

Атырауда шетелдіктен пара алған полиция өкілі ұсталды

Облыстық ПД өкілі Молдова азаматынан 6 мың доллар пара алған

 Айнұр Асылбекқызы 29.04.2022 | 10:17
фото © Рахым Қойлыбаев

28 сәуірде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің қызметкерлері Атырау облысы полиция департаментінің көші-қон қызметінің басшысы Руслан Әділовті ұстады.

27 сәуірде Руслан Әділов ағасымен бірге ҚР аумағынан тысқары шығу қаупі төнген Молдова азаматын Атырау қалалық сотының судьясына пара беруге айдап салған. Рекрутингтік агенттіктің директоры 6 мың доллар көлеміндегі параны полковник Әділовке берген, бірақ ағайындылар ақшаны судьяға бермей, өздеріне қалдырған.

Бұл жағдайға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 28-бабының 4-тармағы, 367-бабының 3-тармағы (Адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен пара беруге айдап салу) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама