×

Семейде жантүршігерлік жол апаты болды (ВИДЕО)

Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр

 Динара Амантай 10.07.2023 | 15:45
Фото: Фото: alatauaraiy.kz

Семейде жантүршігерлік жол апаты бейнебақылау камерасына түсіп қалды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 20 маусымда 19 жастағы жүргізуші Audi 100 көлігін басқарып келе жатып, Шәкәрім даңғылы бағытындағы автокөлік көпірінен кейін рөлді басқара алмай, бағанға соқтығысқан. Салдарынан жүргізуші ауруханада есін жимастан қайтыс болды.

ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі бойынша оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері жария етуге жатпайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама