×

Оралда баланың жоғалып кетуіне кінәлі тәрбиеші жұмыстан шығарылды (ВИДЕО)

Көшеде бір қыз жалғыз жүрген баланы байқап, оны алып келген

 Еркеғали Болатұлы 05.07.2023 | 16:23
фото: ашық дереккөз

Оралдағы «Маленький принц» балабақшасында бүлдіршін жоғалып, тәрбиеші ол туралы тіпті білмей де қалған.

Бұл ретте балалар тәрбиешілерімен бірге таңғы серуенге шыққан кезде олардың бірі кетіп қалған. Мой город Telegram-арнасының хабарлауынша, көшеде бір қыз жалғыз жүрген баланы байқап, оны алып келген.

Олар баланың жоғалып кеткенін тек ұлымды көшедегі қыз алып келгенде білген. Оған дейін ештеңеге мән бермей, телефон шұқылап отырыпты. Балабақшаның қақпасы ашық. Сонда осының бәрін бақылайтын күзетші мен меңгеруші қайда? – дейді жоғалған баланың анасы.

Ал БҚО білім басқармасы бұл жағдай бойынша анықтау жұмыстарын жүргізгендерін мәлімдеді. Соның нәтижесінде балалардың қауіпсіздігін толық қадағаламаған топ тәрбиешісі жұмыстан шығып кеткен.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама