×

ШҚО-дағы орман өртінің аумағы ұлғайды

Оны сөндіруге 200-ден аса адам жұмылдырылды

 Динара Амантай 05.07.2023 | 11:55
Фото: dela.ru

Ұлан ауданындағы Асубұлақ орман шаруашылығы аумағында таулы, жартасты орындарда өртенген құрғақ шөп пен бұталарды сөндіру жалғасып жатыр, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, өрттің елді мекендерге қаупі жоқ. Оны сөндіру үшін жедел шаралар қабылданып жатыр. Өрттің аумағы шамамен 20 гектарға ұлғайды. Оны сөндіруге су құю құрылғысы бар ШҚО авиабөлімшесінің, «Казавиақұтқару» АҚ-ның МИ-8 және Қорғаныс министрлігінің МИ-17 тікұшақтары жұмылдырылған. Қазір онда 723 рет су төгілген.

Сонымен қатар өртті сөндіруге орманшылардан, өрт сөндірушілер мен жергілікті атқарушы органдардан 200-ден аса адам, 25 техника, ШҚО авиабөлімшесінен 2 тікұшақ, «Казавиақұтқару» АҚ-дан 2 тікұшақ және Қорғаныс министрлігінің 1 тікұшағы жұмылдырылған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама