×

Өзбекстанға 14 тонна ет апара жатқан жүк көлігі тоқтатылды

Көлікке 6 мың тонна ет артық тиелген

 Дәурен Ерболат 04.07.2023 | 15:36
Фото: МКК

«Қазығұрт» кеден бекетінде Өзбекстанға 14 тонна етті апара жатқан жүк көлігі тоқтатылды, деп хабарлады Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі.

Заңбұзушылықты комитеттің Түркістан облысы бойынша басқармасы анықтаған.

Биыл 22 шілдеде «Қазығұрт» кеден бекетінде Өзбекстанға бара жатқан IVECO жүк көлігі тоқтатылды. Оны тексеру барысында тиеп алған жүктің салмағы бойынша сәйкессіздік болды. Нәтижесінде экспорт декларациясында көрсетілген 8 мың келі ірі қара мал етінен бөлек, артық 6 мың келі ірі қара мал еті анықталды, - деп жазылған хабарламада.

Бұл дерек негізінде Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 551-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды. Тиісті азамат жауапқа тартылып, оған 172 500 теңге айыппұл салынды. Құжаттар ветеринарлық қызметке тапсырылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама