×

Жайық өзенінде қайықтар соқтығысып, 9 адам зардап шекті

Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр

 Динара Амантай 04.07.2023 | 11:56
Фото: polisia.kz

Атырауда моторлы қайықтардың соқтығысуы салдарынан 9 адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Атырау облысы полиция департаментінің мәліметінше, кеше сағат 20:05 шамасында Жайық өзенінде қайықтар соқтығысқан. Олар өзенде адамдарды серуендету қызметін атқарған. Біреуінде 10, екіншісінде 25 адам болған. Әртүрлі дене жарақатын алған 9 адам ауруханаға жеткізілген.

Қазір ҚР ҚК-нің 344-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама