×

Антикор алаяқтарға тағы да ескерту жасады

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қылмысқа куәгерлерден Call-орталыққа бірден хабарласуды сұрайды

 Дастан Жұмабекұлы 03.07.2023 | 15:32
Фото: Halyq Uni

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі халыққа соңғы кездері алаяқтық бабы бойынша қылмыстық істердің кең етек алғанын хабарлады.

Осыған байланысты Антикор арнайы мәлімдеме жасап, кез келген адамның пара беру және алаяқтық істері дәленденсе, заң бойынша қудаланатынын ескертті.

Антикордың хабарлауынша, кейбір шенеуніктер арам оймен өздерін материалдық жағынан байыту үшін өз ісіне адал, жүріс-тұрысы түзу азаматтардың сеніміне кіріп, алаяқтық жолмен ақша тапқысы келеді. Бұған көптеген фактілер дәлел бола алады.

Жазаға пара алған адам ғана тартылмайды. Сонымен бірге пара бергені үшін де тартылады. Пара берген адамға ірі айыппұлдан басқа, ҚР Қылмыстық кодексінде ұзақ мерзімге бас бостандығынан айыру қарастырылған, – делінген хабарламада.

Осы ретте, Антикор пара алған, пара берген адам туралы мәлімет болса, 1424 нөмірі бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Call-орталығына бірден хабарласуды сұрайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама