×

Қостанай облысында із-түзсіз жоғалып кеткен әйелдің мәйіті табылды

Оны өлтірген күдікті ұсталды

 Динара Амантай 03.07.2023 | 13:50
Фото: polisia.kz

Қостанай облысында хабар-ошарсыз кеткен 58 жастағы әйелдің денесі табылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 58 жастағы әйел 30 маусымда үйінен шығып кеткен. Оның жоғалып кеткені туралы арызды полицияға ағасы жазған. Тәртіп сақшылары Қостанай облысы бойынша ТЖД, ҰҚК шекара қызметі және еріктілермен бірлесіп, дереу іздеуге кірісті.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында аса ауыр қылмыс жасағанын мойындаған күдікті ұсталды. Тергеу әрекеттерін жүргізу кезінде ол жоғалған әйел мәйітінің жерленген жерін көрсетті.

ҚР ҚК-нің 99-бабы («Кісі өлтіру») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалды.

ҚР ҚІЖК-нің 201-бабы тәртібіндегі басқа ақпарат жария етілмейді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама