×

ШҚО-да құны 540 млн теңгеге жуық жер тәркіленді

Облыстық прокуратура 1-жартыжылдықтағы жұмыстың қорытындысын шығарды

 Динара Амантай 03.07.2023 | 13:39
Фото: ашық дереккөз

Шығыс Қазақстан облысының прокуроры А.Байшолақовтың төрағалығымен өткен кеңейтілген алқа отырысында 1-жартыжылдықтағы жұмыстың қорытындысы шығарылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Отырысты аша отырып, облыс прокуроры үйлестіру шараларымен өңірдегі тұрақты қоғамдық-саяси жағдай қамтамасыз етілгенін атап өтті. Қылмыстың жай-күйі бойынша қылмыстық құқықбұзушылықтар 26% азайған. Оның ішінде Жалпыұлттық жоспарға енгізілген қылмыстардың барлық түрі бойынша төмендеуімен сипатталады. Қайталанатын қылмыс 16,3% төмендеді.

Кәсіпорындардың 127 қызметкерінің конституциялық құқығы қалпына келтіріліп, 125 млн теңге жалақы бойынша берешек төлеу қамтамасыз етілді.

Сондай-ақ 2,5 мың кәсіпкердің құқығы қорғалған. Мемлекеттік органдардың жоспарларынан 22 заңсыз тексеру алынып тасталды және 229 заңсыз тексерудің алды алынды.

Облыс прокуратурасының қадағалау актілерінің негізінде жалпы кадастрлық құны 537 млн теңге болатын көлемі 20 мың гектар 84 жер учаскесі тәркіленді.

Тергеуді қадағалау бойынша сот прокурорлар жасаған айыптау актілері бойынша істерді қайтару фактілеріне жол бермеді. 9-дан 1-ге дейін тараптардың шағымдары бойынша қылмыстық істер кассациялық сатыда бұзылып, Заңның нақты бұзылуына байланысты азаматтық істер бойынша күшін жою барынша азайтылды.

Қылмыстық істер бойынша заңды күшіне енген ақтау үкімдері болмаған.

Заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайту жөніндегі одан әрі шаралар шеңберінде облыс прокуроры қала мен аудан прокурорларының, облыс аппараттың құрылымдық бөлімшелерінің алдына бірқатар нақты міндеттер қойды.

Алдағы кезеңге арналған жұмыстың басым бағыттары ретінде облыс прокуроры қадағалаудың барлық бағыттары бойынша азаматтардың конституциялық құқықтарын, мемлекет пен кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қорғауды, әлеуметтік шиеленіс ошақтарын уақтылы анықтау мен оқшаулауды, азаматтардың өтініштерімен сапалы жұмысты қамтамасыз етуді және жалпы халықтың сенімін нығайту қажет екенін айқындады.

Прокурорлардың құқықбұзушылықтардың алдын алу, әсіресе есірткі бизнесі мен алаяқтыққа қарсы іс-қимыл, кәмелетке толмағандарға қатысты құқықбұзушылықтардың алдын алу мәселелеріндегі үйлестіруші рөлін күшейтуге ерекше назар аударылды.

Облыс прокуроры қадағалаудың барлық салаларында активтерді қайтару бойынша жұмысты күшейту, инвестициялық жобаларды сапалы сүйемелдеу қажеттігіне жеке тоқталды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама