×

Түркістан облысында ішімдік пен темекіден 12-ауыл бас тартып отыр

Былтыр бұл ауыл «Үлгілі елді мекен» ретінде мойындалған

 Еркеғали Болатұлы 02.07.2023 | 14:08
фото: ашық дереккөз

Түркістан облысында тұрғындары ішімдік пен темекіден бас тартқан ауылдар қатарына тағы біреуі қосылды, деп хабарлады 24.kz.

Түркістан облысы Төлеби ауданы Қоғалы ауылының ақсақалдары темекі мен алкогольден бас тарту туралы шешім қабылдады. Бұл бастаманы ауыл халқы қолдады.

Қоғалы – жаман әдеттен жиренген осы өңірдегі 12-ауыл. Полицияның мәліметінше, онда тұрғындар алкогольден бас тартқаннан кейін қылмыс қатары күрт сиреген, сонымен қатар ажырасу да тыйылған. 2022 жылы аймақтық байқауда бұл ауыл «Үлгілі елді мекен» ретінде мойындалған.

Бұған дейін Ордабасы ауданындағы Төреарық және Жусансай ауылдарының жаман әдеттен бас тартқаны белгілі болды. Сонымен қатар, Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданында 2 ауылдың тұрғындары да ішімдік тұтынудан бас тартты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама