×

Алматыда автобус жолаушылары төбелесіп, біреуі пышақ жарақатын алды (ВИДЕО)

1991 және 1992 жылы туған екі күдікті ұсталған

 Еркеғали Болатұлы 02.07.2023 | 13:11
фото: ашық дереккөз

Әлеуметтік желіде Алматыдағы автобус жолаушылары арасында қақтығыс болғаны туралы ақпарат тарады. Полиция осы дерекке қатысты пікір білдірді.

Алматы қаласы полиция департаментінің мәліметінше, бұл оқиғаға қатысты Қылмыстық кодекстің 293-бабы 3-тармағы бойынша іс қозғалып, қазір кінәлілер Бостандық аудандық полиция басқармасында тергеліп жатыр.

Осы қылмыс бойынша 1991 және 1992 жылы туған екі күдікті ұсталған.

Нақты айтқанда, қаланың 26 жастағы тұрғыны мен қоғамдық көлік жолаушылары арасында жанжал болып, соның салдарынан бір азамат пышақ жарақатын алған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама