×

Ақмола облысында 37 млн теңгеге қаржылық бұзушылықтар анықталды

Мемлекеттік кірістер департаментіне анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынымдармен нұсқама жіберілді

 Динара Амантай 30.06.2023 | 18:00
Фото: baigenews.kz

Ақмола облыстық мәслихатының экономика және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы М.С. Қойшыбаевтың қатысуымен Ақмола облысы бойынша Тексеру комиссиясының төрағасы Қ.Б. Есмағамбетовтың төрағалығымен 2023 жылғы 29 маусымда кезекті отырыс өткізілді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Жиын барысында салықтық әкімшілендірудің, жергілікті бюджетке түсетін түсімдердің толықтығы мен уақтылығы мемлекеттік аудитінің қорытындылары қаралды.

Отырыс жұмысына Тексеру комиссиясы жанындағы консультативтік-кеңестің мүшесі Қ.Қ. Қасенов, Ақмола облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің өкілдері қатысты.

Аудит қорытындысы бойынша анықталған қаржылық бұзушылықтар сомасы 37 млн 539,4 мың теңгені құрады, оның ішінде:

 - бюджетке түсетін түсімдер бойынша белгіленген қаржылық бұзушылықтар 19 млн 579,4 мың теңгені құрайды;

 - бюджет шығындары - 17 млн 960,0 мың теңге.

Сондай-ақ, 2 процедуралық және 6 жүйелік сипаттағы бұзушылық фактілері анықталды.

Аудиторлық іс-шараның қорытындысы бойынша Ақмола облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментіне анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынымдармен нұсқама және аудиторлық қорытынды жолданды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама