×

Өңірдегі мемлекеттік қызметкерлерге жемқорлықтың салдары түсіндірілді

Олар мемлекеттік қызметті сапалы көрсетуге тиіс

 Дәурен Ерболат 29.06.2023 | 18:00
Фото: ЕХӘҚМ

ЕХӘҚМ Әдеп жөніндегі уәкілі Өркен Алшынбаева Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау комитеті Жамбыл облысы және Шымкент қаласы бойынша аумақтық департаменттерінің мемлекеттік қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлықтың салдарын түсіндірді, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

Ұжыммен кездесу барысында Өркен Алшынбаева мемлекеттік қызметкерлерге Әдеп кодексінің нормаларын айтып берді. Сондай-ақ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аумақтық департаменттерінің және Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің қызметкерлері қолданыстағы заңнаманың нормалары бойынша түсінік берді.

Аумақтық департаменттер мемлекеттік қызметтерді заңға сәйкес сапалы және жауапкершілікпен көрсетуге тиіс, – деді Өркен Алшынбаева.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама