×

Клебанов туралы ақпарат жалған – «Павлодарэнерго» АҚ

Кәсіпкерге қатысты мәлімет расталмаған

 Дастан Жұмабекұлы 29.06.2023 | 15:43
фото: ашық дереккөз

«Павлодарэнерго» АҚ жақында бұқаралық ақпарат құралдарында Екібастұз қаласының жылу-электр орталығы акционерлерінің бірі – Александр Клебанов туралы жарияланған ақпараттың жалған екенін хабарлады.

Pavlodarnews.kz-тің хабарлауынша, бұл рас-өтірігі анықталмаған материалда Клебановтың Екібастұз қаласының жылу-электр орталығы акционерлері құрамынан шыққаны туралы мәлімет берілген болатын.

Шындап келгенде, бұл ақпарат – жалған, – деп хабарлады «Павлодарэнерго» АҚ.

Бүгінде Александр Клебанов та «ОАЭК» АҚ акционерлерінің құрамында. Оның 47,1% үлесі бар. Осынша пайызды (47,1%) Сергей Кан да алып отыр. Ал KIF ENERGKY S.A.R.L компаниясы 4,01 пайызды иеленсе, «ОАЭК» АҚ 1,79%-ға иелік етіп келеді.

Кәсіпорында «Орталық Азия электр энергетикалық корпорациясының» екі еншілес энергетикалық компаниясы бар. Оның бірі – «Севказэнерго» АҚ, екіншісі – «Павлодар энерго» АҚ.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама