×

Бүгінгі жастар ауылдан қашады – мәслихат депутаты

Онда жағдай жасалмаған

 Дәурен Ерболат 29.06.2023 | 14:53
Фото: Telegram/AMANAT

Қазіргі жастар ауылдан қашады. Бұл туралы Абай облысы мәслихатының депутаты Шағангүл Жанаева айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Ол ауылда мамандар жетіспейтінін атап өтті.

Өзім колледжде студенттермен жұмыс істейтіндіктен, жастардың жағдайын жақсы білемін. Оқу бітірген соң ауылға барайын десе не жұмысы, не үйі, не күйі жоқ. Сондықтан жастар ауылдан қашады, - деді ол AMANAT атынан сайланған мәслихат депутаттарының республикалық форумында.

Шағангүл Жанаева ауылға жас мамандарды тартуды шұғыл жолға қоюды ұсынды.

«Қазір Абай облысы «Ауыл аманаты» жобасы аясында 2 мыңнан аса ауыл жастарына өз ісін бастау үшін шағын несие беру мүмкіндігін қарастырып жатыр. «Дипломмен ауылға» жобасы шеңберінде тұрғын үйді сатып алу немесе салу үшін 600 жас маманға несие беру жоспарланған. Осы мәселелерді жастарға айтқанда, олардың көзінен үлкен қызығушылық пен зор үміт барын байқадым. Жастарға арналған бағдарламаларды жан-жақты түсіндіріп, оларды кәсіпке ынталандыру – біздің ортақ міндетіміз», - деп түйіндеді сөзін депутат.

Еске сала кетсек, бұған дейін ауылды дамытуға 1 трлн теңге бөлінетіні хабарланған еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама