×

Шымкентте күйеу жігітті бопсалаған 2 қыз ұсталды

Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр

 Динара Амантай 29.06.2023 | 10:14
Фото: polisia.kz

Шымкентте күйеу жігітті бопсалаған 2 қыз ұсталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, екі қыз күйеу жігіттен қалыңдыққа «опасыздық жасаған» видеосын көрсетеміз деп ақша бопсалаған. Шарасыз жігіт Әл-Фараби ауданының полицейлеріне бопсалау туралы арызбен жүгінген.

Жәбірленушінің айтуынша, екі қыз өзінің ескі танысы болғандықтан, олардан үйіне шақырту алғанда еш күдіктенбеген. Жігіт пәтерге кірген бойда қыздардың бірі болып жатқан жайтты жалған сипаттап, оны смартфонға түсіре бастаған. Алдағы үйлену тойын білген құрбы қыздар күйеу жігіттен видеоны өшіру үшін 200 мың теңге талап етіп, «жазбаны қалыңдыққа көрсетеміз, тойыңды бұзамыз» деп қорқытқан. Қалыңдығын жоғалтқысы келмеген ер адам олармен келісімге келгенмен, оқиға туралы полицияға хабарлаған. Тәртіп сақшылары қыздарды қылмыс үстінде ұстады.

 Аталған жайт ҚР Қылмыстық кодексінің 194-бабы («Қорқытып алу») бойынша тіркелді. Қазір Әл-Фараби аудандық полиция басқармасы сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Оның нәтижесімен іс бойынша процессуалдық шешім қабылданады, – деді тергеуші Жалғас Халила.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама