×

Петропавл ЖЭО негізгі жабдықтарының 56%-ы тозған

Электр желілерін жөндеу жұмыстары артта қалған

 Динара Амантай 28.06.2023 | 18:01
Фото: Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев алдағы жылыту маусымына дайындық бойынша Үйлестіру штабының жұмысы аясында «Севказэнерго» АҚ-тың Петропавл ЖЭО-сына барды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Биыл №1, 3, 9, 10, 11 қазандықтарды және №3 турбинаны күрделі жөндеу жоспарланған. №2, 4, 5, 6, 7 турбиналарды ағымдағы жөндеу де қарастырылған. Бүгінде №3 қазандықты күрделі жөндеу және №4, 5, 6, 7 турбиналарды ағымдағы жөндеу жұмыстары аяқталды. №9 (орындалуы 62 %), 11 (орындалуы 76 %) қазандық және № 2 турбина (орындалуы 11 %) жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Министр №9 қазандық бойынша бекітілген графиктен артта қалуды, сондай-ақ №1 қазандықты күрделі жөндеуді 2024 жылға ауыстыру фактісін көрсетті. 2023 жылы тек ағымдағы жөндеу жоспарланған. Жүргізілген реконструкциялық жұмыстарды ескере отырып, ЖЭО негізгі жабдықтарының тозуы 56%-ды құрайды.

Солтүстік Қазақстан облысының әкімімен кездесуде күл үйіндісінің жаңа секциясын салу үшін жер бөлу жұмыстарын жеделдету қажеттігі көрсетілген. «Солтүстік Қазақстан АЭК» АҚ бойынша 110 және 220 кВ электр беру желілерін жөндеуде артта қалуға назар аударылды.

Айта кетсек, алдағы уақытта Алмасадам Сәтқалиев Риддер, Екібастұз, Алматы қалаларына және облыстарға арнайы жұмыс сапарымен барып, өңірлердегі жылу орталықтарының алдағы жылыту маусымына дайындығын тексеріп, тұрғындармен кездеседі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама