×

СҚО-да полиция ғимаратының маңынан ер адамның мәйіті табылды

Қызметтік тексеру тағайындалды

 Динара Амантай 28.06.2023 | 17:19
Фото: СҚО ПД-ның баспасөз қызметі

СҚО-да полиция ғимаратының маңынан ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, кеше таңғы сағат 7 шамасында СҚО ПД Ғабит Мүсірепов атындағы аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне Новоишимское аудан орталығында полицияның әкімшілік ғимаратының аумағынан 56 жастағы ер адамның мәйіті табылғаны туралы хабарлама келіп түскен. Бейнебақылау камералары арқылы ер адамның көшені аудандық полиция бөлімінің №2 әкімшілік ғимараты бағытына қарай кесіп өткені анықталды. Әрі қарай ол ғимараттың аумағына бет бұрған. Кейіннен дәл осы жерден оның мәйіті табылды.

Айта кетсек, №2 әкімшілік ғимараттың аумағы күзетілмейді және ол негізгі полиция ғимаратынан 100 метр қашықтықта орналасқан. Аталған факті сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді.

Қазір істің барлық мән-жайларын зерделеуге бағытталған тиісті сараптамалар мен қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліпи жатыр. Олардың нәтижелері бойынша түпкілікті процесссуалдық шешім қабылданатын болады. Қызметтік тексеру тағайындалды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама