×

Ұлттық қордан бөлінген 5,6 млрд теңге тиімсіз пайдаланылған

Мемлекетке келтірілген шығындарды өтеу түріндегі жауапкершілікті регламенттеу жөнінде шаралар қабылдау тапсырылды

 Динара Амантай 28.06.2023 | 16:26
Фото: bugin.kz

Ұлттық қордан бөлінген 5,6 млрд теңге тиімсіз пайдаланылған, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Жоғарғы аудиторлық палатаның мәліметінше, 2022 жылғы маусымда Ұлттық қордан бөлінген нысаналы трансферттердің мақсатына сай және тиімді пайдаланылуына мемлекеттік аудит жүргізілген.

Мемлекеттік аудит барысында 1,3 млрд теңгені мақсатсыз пайдалану және орындалмаған жұмыс көлемі үшін 4,3 млрд теңге ақы төлеу фактілері анықталды. Осыған байланысты, Ұлттық экономика министрлігіне бюджет қаражатының тиімсіз пайдаланылуына әкеп соққан инфрақұрылым объектілерімен қамтамасыз ету жөніндегі инвестициялық жобаларды іске асыру кезінде жеке инвесторлардың міндеттемелерін орындамағаны үшін мемлекетке келтірілген шығындарды өтеу түріндегі жауапкершілікті регламенттеу жөнінде шаралар қабылдау тапсырылды.

Бизнес объектілері құрылысының аяқталуына кепілдік беретін және жобаларды іске асырудың тиімділігін арттыруға ықпал ететін құрылыс жобаларының әзірлігін кемінде 30% деңгейінде белгілеу жолымен кәсіпкерлердің жобаларын іріктеу өлшемшарттарын көздейтін 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды жүргізу қағидаларына Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 31 қаңтардағы қаулысымен толықтырулар енгізілді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама