×

Рекордтық көрсеткішке жеткелі тұрған қажылыққа Ресей мұсылмандары көптеп бармақ

Енді тағы кемінде 2,5 миллион адам келеді деп күтіліп отыр

 Еркеғали Болатұлы 27.06.2023 | 11:27
фото: ашық дереккөз

Биыл Меккеге сапар пандемиядан бері алғаш рет санитарлық шектеусіз өтіп жатыр, деп хабарлады euronews.com.

Корольдік билігі биылғы діни рәсімді орындауға келушілер саны бұрын-соңды тарихта болмаған көрсеткішке жетуі мүмкін деп санайды. Өйткені осы уақытқа дейін 2 миллионға жуық адам келіп үлгерген. Енді кемінде 2,5 миллион адам келеді деп күтіліп отыр.

Биыл Ресей мұсылмандары үшін қажылық квотасы 25 мың адамды құрады.

Келушілер санының артуына байланысты, билік қауіпсіздік шараларын күшейтуге тырысып жатыр. Елдегі аптап ыстық біршама қиындықтар туғызуы мүмкін. Қазірдің өзінде Мекке аймағында күндізгі температура +46-қа жетеді.

Айта кетсек, Қазақстаннан да 4 мың адам Меккеге қажылық сапар жасағалы отыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама