×

Астанада қай жерде құрбандық шалуға болады?

Биыл Құрбан айт 28-30 маусым аралығында мерекеленеді

 Дәурен Ерболат 26.06.2023 | 16:22
Фото: inbusiness.kz

Елордада қасиетті Құрбан айт мерекесінде құрбандық шалынатын орындар анықталды, деп хабарлады қалалық дін істері жөніндегі басқарма.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының мәліметінше, 28 маусымда таңғы сағат 6:00-де Астанадағы «Айт намазы» оқылады.

Қалада бекітілген мына орындарда сағат 8:00-ден 18:00-ге дейін құрбандық шалынады:

  • «Ұлжан» әмбебап базары, Сарыарқа ауданы, Нұрғиса Тілендиев көшесі, 24 (бұрынғы «Саянұр» базары);
  • «Жайлау» базары, Байқоңыр ауданы, Алаш тас жолы, С-313 көшесі («Шарын» базарының арты);
  • «Шанхай» базары, Байқоңыр ауданы, Алаш тас жолы, 34/6 («Көк базар» базарының арты);
  • «Шопан ата» базары, Байқоңыр ауданы, (Рубиком және Әмір базарының ортасы);
  • «Баракат» базары, Байқоңыр ауданы, А-369 көшесі, №10 ғимарат.

Құрбандыққа сойылған малдың еті түгелдей көмекке мұқтаж отбасыларға үлестіріледі.

Тағы басқа сұрақтар бойынша 109 call-орталығына хабарласуға болады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама