×

«Интимдік видеоларыңды жариялаймыз»: Тараз тұрғынын 4 адам бопсалаған

22 маусымда Қостанайда да бір топ бопсалаушы ұсталды

 Еркеғали Болатұлы 26.06.2023 | 15:00
фото: Жамбыл облысы полиция департаменті

Тараз қаласының тұрғынын төрт ер адам беделін түсіретіндей видеосын жариялаймыз деп қорқытып, одан 990 мың теңге алған.

Жамбыл облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, Тараз полициясына 24 жастағы жергілікті тұрғын бопсалау туралы арызбен жүгінген. Төрт жігіт оны өзінің қатысуымен болған интимдік сипаттағы компроматты жариялаймыз деп қорқытқан.

Аталған факті бойынша полицейлер ҚР ҚК-нің 194-бабы 2-бөлігі («Бопсалау») бойынша сотқа дейінгі тергеу амалын бастады. Облыстық ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері «Арлан» ПСН-мен бірлесіп, күдіктілерді анықтап, кінәсін мойындаған төрт азаматты ұстады.

Екі күдікті Тараз қаласындағы уақытша ұстау изоляторына жіберіліп, қалған екеуі үйқамаққа алынды.

Ұсталғандардың бірі бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Қазір полицейлер қажет жедел-іздестіру шарасын жасап, істің мән-жайын анықтап жатыр.

Бұдан бөлек, 22 маусымда Қостанайда да бір топ бопсалаушы ұсталған. Олар бос желеумен жергілікті тұрғыннан 6 миллион теңге талап еткен.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама