×

ШҚО-дағы жарылыс: күйік шалғандар қайтыс болды

Дәрігерлер науқастарды өлімнен құтқару үшін 48 сағат күресті

 Дәурен Ерболат 26.06.2023 | 12:19
Фото: Depositphotos.com

Шемонаиха ауданындағы жанармай бекетіндегі жарылыста күйген екі адам көз жұмды, деп хабарлады ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы.

Олардың денесі 100%-ға жуық күйген. Мұндайда аман қалу қиын. Дәрігерлер 48 сағат әрекет жасағанмен, құтқара алмады, - деп жазылған хабарламада.

Жарылыста зардап шеккен тағы бір ер мен әйелдің беті бері қараған. Олар ауруханада емделіп жатыр.

Бұған дейін Шығыс Қазақстан облысының әкімі жарылыстан зардап шеккендерге көмек көрсетілетінін айтқан еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама