×

Елорда маңындағы өрт толық сөндірілді – ТЖМ

Өрттің жалпы ауданы – 80 гектар

 Дәурен Ерболат 26.06.2023 | 12:08
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Астана маңындағы өрт толық сөндірілді, деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігі.

Елордалық өрт сөндірушілердің күшімен бүгін Талдыкөл ауданында 80 гектар болатын жерден шыққан өрт бүгін сағат 11:22-де толық сөндірілді. Онда қамыс пен құрғақ шөп жанған еді, - деп жазылған хабарламада.

Еске сала кетсек, бұған дейін Төтенше жағдайлар министрі қала маңындағы өртті сөндіруге 1-2 апта керектігін айтқан болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама