×

Абай облысында балалар үйінің басшылығына қылмыстық іс қозғалды

Мекеме директоры мен бас бухгалтері жоғары көлемде жалақы алып отырған

 Халық үні 26.06.2023 | 09:36
Фото: Halyq Uni

Абай облысында балалар үйінің қызметкерлері бюджеттен 6 миллион теңгеден астам соманы ұрлаған. Бұл туралы Бас прокуратура хабарлады.

Үржар ауданындағы Науалы балалар үйінің директоры мен бас бухгалтері өздеріне жоғары көлемде жалақы төлеген. Сондай-ақ сыйақы мен іссапар шығынын алып отырған.

Жымқыру штат кестесі мен қазынашылық есептерді салыстыру барысында анықталды, онда тиісті жалақы мен нақты төленген жалақы арасындағы айырмашылық пайда болды. Сонымен қатар  жұмыс істемейтін адамдарға жалақы төленген, – деп хабарлады Бас прокуратура.

Балалар үйі басшылығының заңсыз әрекеттерінің салдарынан мемлекетке шығын келген.

Осы факті бойынша прокуратура Қылмыстық кодекстің 189-бабы 3-бөлігінің 2, 3-тармақтары бойынша қылмыстық іс қозғады. Істі сотқа дейінгі тергеу сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке тапсырылды.

Осы баптың санкциясы белгілі бір лауазымдарды атқаруға немесе белгілі бір қызметпен айналысуға тыйым сала отырып, 7 жылға дейін бас бостандығынан айыруды қарастырады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама