×

Із-түзсіз кеткен зеренділік полиция бастығының орынбасары табылмай жатыр

Ол үйінен 20 маусымда шығып кетіп, қайта оралмаған

 Еркеғали Болатұлы 25.06.2023 | 11:11
фото: instagram/sinegor.kz

Көкшетауда Зеренді аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары Тұрар Дүйсембин із-түзсіз жоғалып кетті. Бұл туралы sinegor.kz хабарлады.

Жоғалған адам туралы арыз қалалық полиция басқармасына 23 маусымда түскен. Әйелінің айтуынша, 20 маусымда ол үйден шығып кетіп, қайта оралмаған.

Арыз түскен соң полиция департаменті бірден Зеренді ЖП, Көкшетау қалалық ПБ мен департаменттің жеке құрамы, әскери қызметшілер мен еріктілерді тарта отырып, ауқымды іздестіру шараларын ұйымдастырған.

Ақмола облысы әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, Тұрар Дүйсембин қазір кезекті еңбек демалысында.

Полиция із-түзсіз жоғалған оның қайда екені туралы мәлімет білетіндердің құқық қорғау органдарына хабарласуын сұрайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама