×

Сот сарапшыларының жалақысы өсуі мүмкін

Жаңадан ашылған облыстарда сараптама жүргізетін ғимараттар салынады

 Айгерім Таубай 23.06.2023 | 13:05
Фото: Halyq Uni

Жетісу мен Ұлытау облысында сот сараптама орталығының филиалы ашылады. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет министрі Азамат Есқараев мәлімдеді, деп хабарлайды Halyq Uni.

Министрдің айтуынша, 5 айда Сот сараптамалары орталығының аумақтық бөлімшілеріне сот сараптамасын жүргізу үшін құқық қорғау органдары мен соттардан 79 553 материал түскен.

Өңірлерде мәйітхана ғимараттары мен Сот сараптама орталығының ғимаратының сапасы сын көтермейді. Оларды аралап шықтым. Ғимараттардағы материалдық-техникалық жабдықты жаңарту бойынша жұмысқа кірістік. Қазір сот сарапшыларының жалақысын көтеру мәселесін шешіп жатырмыз, - деді әділет министрі Азамат Есқараев.

Айтуынша, министрлік жыл басынан бері Шығыс Қазақстан, Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Павлодар, Абай, Қызылорда облыстарының және Шымкент қаласының жергілікті атқарушы органдарымен ғимараттарды жөндеу бойынша, Солтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарында ғимарат бөлу туралы келісімге келген.

Сондай-ақ Жетісу, Ұлытау облыстарында ғимараттарды салу үшін жер учаскелерін бөлінетін болды. Ол жерде сот сараптама орталығы немесе мәйітхана ашылады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама