×

ШҚО-да жанармай құю бекеті жарылды

Өрт салдарынан 2 адам зардап шекті

 Халық үні 22.06.2023 | 15:26
Фото: ТЖМ

Шығыс Қазақстан облысында жанармай құю станциясында жарылыс болды, деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігі.

Оқиға 22 маусымда Шемонаиха қаласы Украинская көшесінде болған. Газ баллондарына жанармай құю станциясында болған жарылыс салдарынан өрт шыққан.

Өрттен 5 бірлік техника жойылды. Сағат 14:44-те өрт оқшауланды.

Термиялық күйік алған 2 адам ауруханаға жеткізілді. Тұрғын үйлер мен орманға қауіп жоқ.

Өртті сөндіруге 5 өрт сөндіру автокөлігі мен 12 адам жұмылдырылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама