×

Шымкентте кортеждегі 11 көлік жүргізушісі жазаланды (ВИДЕО)

Тәртіп сақшылары көліктерді айыппұл тұрағына қойды

 Динара Амантай 22.06.2023 | 14:33
Фото: polisia.kz

Шымкентте кортежді жүргізген тоғыз адам жазаланды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Шымкент қаласы ПД жедел басқару орталығының полицейлері бейнебақылау камераларының көмегімен Арғынбеков көшесі бойында жол ережесін өрескел бұзған көлік кортежін анықтады. Жергілікті полиция қызметкерлері жүргізушілерді тоқтату үшін көшені екі жағынан жауып тастады. Нәтижесінде жеңіл көліктің 9 жүргізушісіне қатысты полицейлер 11 әкімшілік хаттама толтырды. BMW және Toyota Camry жүргізушілері ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы («Көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу») бойынша жауапкершілікке тартылды. Шетелдік Merсedes Benz S550 және Toyota Land Cruiser көлігінің жүргізушілері ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабын бұзды.

Hyundai Sonata автокөлігінің жүргізушісі ҚР ӘҚБтК-нің 599-бабын бұзған. Авариялық жағдай туғызғаны және жолдарды, жол құрылыстарын бүлдіргені үшін кортеждің тағы екі жүргізушісі жауапкершілікке тартылды. Бірден ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы, 597-бабы, 602-бабы бойынша Lada-21900 жүргізушісіне хаттама толтырылды. 

Тәртіп сақшылары құқық бұзушының көлігін айыппұл тұрағына қойды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама