×

Қостанай облысында аудан әкімінің орынбасары жауапқа тартылды

Ол кәсіпкерлердің жұмысына кедергі келтіріп отырған 

 Динара Амантай 22.06.2023 | 13:54
Фото: Қарағанды обл. прокуратурасының баспасөз қызметі

Қостанай облысында кәсіпкерлерге кедергі келтірген аудан әкімінің орынбасары жауапқа тартылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Облыстық прокуратура баспасөз қызметінің мәліметінше, өңір прокуроры Берік Әбіловтың Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Рустам Жүрсіновпен кездесіп, бизнес субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды одан әрі күшейту мәселесі бойынша пікір алмасқан. Облыс прокуратурасы жүргізілген қадағалау жұмыстарына, прокуратура жанындағы мобильдік топтарға келіп түскен өтініштерге назар аударды.

Биыл облыстық прокуратура жыл басынан бері заң бұзушылықтар бойынша 207 қадағалау актісін енгізіп, 15 мың 941 кәсіпкердің құқығын қорғады. Жалпы сомасы 297 млн теңгеге айыппұл салумен 28 заңсыз тексеру және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша 150 қаулы жойылды. Заң бұзушылықтар үшін 32 лауазымды адам жауапкершілікке тартылды.

24 бизнес субъектісінің құқықтарын қорғайтын бұзушылықтарды жою жөнінде шаралар қолданбағаны үшін, сондай-ақ қадағалау актісіне уақтылы жауап бермегені үшін Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 664-бабы бойынша Алтынсарин ауданы әкімінің орынбасары әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 13,8 мың теңге мөлшерінде айыппұл салынды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама