×

ШҚО-да 40 жастағы ер адам суға батып, көз жұмды

Ол жақын жерде орнатылған тыйым салынған белгіні елемеген

 Динара Амантай 21.06.2023 | 13:01
Фото: ШҚО ТЖД баспасөз қызметі

Глубокое ауданында жабдықталмаған жерде шомылған ер адам суға батып кетті, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Шығыс Қазақстан облысы ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, кеше Глубокое ауданы Белоусовка ауылындағы Глубочанка көлінде жабдықталмаған жерге шомылған 1983 жылы туған ер адам суға батып кеткен. Белгілі болғандай, ол достарымен бірге су қоймасына келіп, жақын жерде орнатылған тыйым салынған белгіні елемеген. ШҚО ТЖД Жедел-құтқару жасағының сүңгуірлері денені судан алып шықты.

Тыйым салынған белгілер – бұл адамдардың қауіпсіздік шараларын сақтауы үшін ақпарат. Олар күшті ағын, терең иірім, жақын жерде құтқарушылардың жоқтығы туралы хабарлайды, – деді облыстық ТЖД бастығының орынбасары Арман Тоқанов.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама