×

Қарағанды облысында 2 адам суға батып кетті

Өлімнің себебі анықталып жатыр

 Динара Амантай 21.06.2023 | 12:44
Фото: Қарағанды облыстық ТЖД баспасөз қызметі

Қарағанды облысында суға батқан екі адамның мәйіті табылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметінің мәліметінше, 18 маусымда сағат 21.50-де Абай ауданы Самарқа ауылының маңында 1986 жылы туған әйел адам мен 1987 жылы туған ер адамның жоғалып кеткені туралы хабарлама келіп түскен. Іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін Қарағанды облысының ТЖД күштері жұмылдырылды.

19 маусымда сағат 15.25-те із-түзсіз жоғалған әйелдің денесін ТЖД-нің сүңгуірлері Нұра өзенінен тапты. Жоғалған екінші адамның денесі 20 маусымда сағат 16.05-те іздеу жұмыстары басталған жерден 3,5 шақырым жерде Нұра өзенінен табылды.

Өлімнің себебі анықталып жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама