×

Алматыны дамытуда жаңа жобалар жасалды – Ерболат Досаев

Асфальт төселіп, жолдар жөнделіп, емхана мен мектептер салынады

 Дастан Жұмабекұлы 21.06.2023 | 12:12
фото: ашық дереккөз

Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев Медеу ауданының тұрғындармен кездесуде қаланы дамытуда бұрын болмаған жаңа жобаларды іске асатынын жариялады.

Қала әкім ауданда жолдар төселіп, қайта салынатынын, кейбір көшелер қайта жөндеуден өтетінін атап өтті. Сонымен бірге ол ауданда емхана мен мектептердің салынатынын тілге тиек етті.

Оның айтуынша, Медеу ауданындағы 37 көше бойынша жолдарды орташа жөндеу басталады. Жолдың ұзындығы – 32 км. Бұл жұмысты қарашаға дейін аяқтау жоспарланған.

Биыл барлық аудан әкімі өздері 1 сәуірден бастап жолдарға жөндеу жұмыстарын жүргізуде. Жаңа жобаны іске асыру үшін Медеу ауданына 500 млн теңге бөлінді. Бұл 50 мың шаршы метр жол төсемін жөндеуге мүмкіндік береді, –  деді Ерболат Досаев.

Сол сияқты қала әкімі «Каменское плато» шағын ауданында жаңа скважиналардың  салынатынын айтты. Ол қазір қала әкімдігінің алдында инженерлік желілерді жаңғырту мен тұрғындарды сапалы ауыз  сумен қамтамасыз ету басты міндет болып отырғанын, осыған байланысты шілде айында су беруге арналған резервуарлары бар қосымша скважиналардың құрылысы басталатынын жеткізді.

Бұл жұмыс келесі жылы бітеді. Ол 2024жылы «Каменское плато», «Көлсай» және «Юбилейный» шағын ауданын  тұрақты сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. «Каменское плато» 28,9 км тарату желілері салынғаннан кейін орталықтандырылған сумен және кәрізбен қамтамасыз етіледі. Осы жоба бойынша ЖСҚ қараша айында аяқталады. Ал ҚМЖ басталуы 2024 жылдың I тоқсанына жоспарланған, –  деді Ерболат Досаев.

Оның пікірінше, осы жоба іске асса, «Мұзтау» шағын ауданы ауыз сумен толық қамтамасыз етіледі.

Сондай-ақ, Алматы әкімі Медеу ауданында жыл соңына дейін абаттандыру бойынша 122 жобаның аяқталатынан хабардар етті.

Ауданды абаттандыру бойынша 122 жобаны іске асыру жоспарланған.  Оның ішінде 80 ауланы абаттандыру, 23 үйдің қасбеттерін жаңарту, 13 жер үсті және жерасты жаяу жүргіншілер өткелдерін жөндеу, 4 АВТО суару жүйесін қайта жаңарту және 2 қоғамдық кеңістікті абаттандыру.  Жобаларды биылғы IV тоқсанда аяқтау жоспарлануда, –  деді Ерболат Досаев.

Халықпен кездесуде тағы бір жақсы жаңалық айтылды. Алдағы уақытта Медеу ауданында жаңа мектеп пен емхана салынады. Мектеп Құлжа трактінің оңтүстігіндегі «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында іске асатын болады

Маусым айының соңына дейін 250 орындық №48 мектептің қосалқы нысанын қайта жаңарту, тамыз айында Алматының Медеу ауданындағы №131 мектепті сейсмикалық күшейтумен күрделі жөндеу аяқталады.

Сонымен қатар, жеке қаражат есебінен осы мектептің 300 орындық жаңа корпусын салуға ЖСҚ әзірленуде. ЖСҚ қыркүйек айында аяқталады. Одан кейн ол жеке инвестордың қаражаты есебінен 2024 жылы «Думан» шағын ауданында 1200 орындық мектепті салу жоспарланып отырғанын айтты.

Ал емханаға келсек, «Думан» шағын ауданында 500 адамға арналған жаңа емхана салу жоспарлануда. Қазір жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде. Сол сияқты тозығы жеткен үйлерді бұзуға және №4 және №10 жедел жәрдем қосалқы станцияларының заманауи ғимараттарын салуға жобалық құжаттама әзірлеу басталды.

Биыл  «Алатау» қалалық ауруханасы жанындағы қалалық емхана ғимаратын қайта жаңартуға жобалық құжаттаманы аяқтау жоспарлануда. III тоқсанда № 2 қалалық мамандандырылған балалар үйін күрделі жөндеуге арналған құжаттама аяқталады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама