×

Соңғы үш жылда алаяқтар халықты 17 млрд теңгеден аса ақшаға алдаған

Аферизмге қатысты 313 адам сотталды

 Динара Амантай 21.06.2023 | 11:56
көрнекі фото: Halyq Uni

Соңғы үш жылда қазақстандықтар алаяқтарға 17 млрд теңгеден аса ақшаны жем қылған, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің мәліметінше, Қазақстанда түрлі мәселелерді шешкені үшін лауазымды тұлғаларға пара беруге итермелеу жағдайлары және алаяқтық жиілеп кеткен. Соңғы үш жылда ведомствоның өндірісінде алаяқтық фактілері бойынша 600-ден аса қылмыстық іс болған. Осыған қатысты 313 адам сотталды.

Қазір өндірісте алаяқтарға, делдалдарға және пара бергісі келген адамдарға қатысты бірқатар қылмыстық іс бар. Алаяқтарға берілген қаражаттың жалпы сомасы 17 млрд теңгеден асады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама