×

Елімізде жалған құжатпен жүрген 150 адам ұсталды

Сондай-ақ қос азаматтығы бар 233 адам анықталды

 Динара Амантай 21.06.2023 | 11:13
Фото: twitter.com/_la_kg

ҰҚК Шекара қызметі жыл басынан бері мемлекеттік шекарада тіркелген қылмыстар жөнінде ақпаратты жариялады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Ведомство өкілдерінің мәліметінше, жыл басынан бері шетелдіктер (Индия, Нигерия, Тәжікстан, Өзбекстан және Ресей азаматтары) мен ҚР азаматтарының жасанды және өзге адамның құжаттарын пайдалануының 150 фактісі әшкереленген. Сондай-ақ қос азаматтығы бар 233 адам анықталды.

Бұған қоса жалпы сомасы 2,5 млрд құрайтын 300-ден аса заңсыз валюта айналымының алды алынды.

Сонымен бірге қару-жарақ пен оқ-дәрілерді өткізбек болған 153 әрекеттің жолы кесілді. Бұл қылмыстар бойынша күдіктілер әрі қарай тексеру үшін ІІМ мен МКД аумақтық бөлімшелеріне тапсырылды.

Одан бөлек, ҚР көші-қон заңнамаларын бұзғаны үшін 8 мыңнан аса адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама