×

Тоқаев Халықаралық волонтерлер форумына қатысады

Форум елордада өтіп жатыр

 Халық үні 21.06.2023 | 10:01
Фото: ақпарат және қоғамдық даму министрлігі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық волонтерлер форумына қатысады, деп хабарлады Ақорда.
 
Форум 30-дан астам елден және Қазақстанның барлық аймағынан келген еріктілердің өзара тәжірибе алмасатын ірі диалог алаңы болады.
  
Сонымен қатар жиында волонтерлікті дамыту және халықаралық қайырымдылық ұйымдарының ынтымақтастығын нығайту перспективалары талқыланады деп жоспарланып отыр.

20-21 маусымға жоспарланған форумда бұған дейін халықаралық волонтерлік қызметтің даму маңыздылығы талқыланды. «Халықаралық волонтерлік бастамалар: тәсілдер мен тәжірибелер» сессиясында халықаралық волонтерліктің дамуы, оның практикалық тәсілдері мен халықаралық волонтерлік бастамаларды іске асыру бойынша проблемалық мәселелер және оларды шешу жолдары айтылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама