×

Шымкенттің аудандық 15 мектебінде заң бұзушылықтар анықталды

Прокуратура 2 мыңнан аса баланың құқығын қорғады

 Динара Амантай 20.06.2023 | 13:07
Фото: Halyq Uni

Шымкент қаласы Қаратау ауданының прокуратурасы балалардың құқықтарын қорғауға бағытталған білім беру саласындағы заңдылықтың сақталуына талдау жүргізіп, заң бұзушылықтар анықтады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Атап айтқанда, Қаратау ауданы аумағында орналасқан 15 мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде Денсаулық сақтау министрлігінің 2022 жылғы 17 ақпандағы №ҚР ДСМ-16 бұйрығымен бекітілген «Қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалар талаптарын бұзатындығын анықталған.

Аудан прокуратурасымен прокурорлық қадағалау актісі енгізіліп, нәтижесінде кінәлі тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылып, 2 мың 63 баланың құқықтары қалпына келтірілді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама