×

Астанада Халықаралық волонтерлер форумы өтіп жатыр

Форум 20-21 маусым аралығында өтеді

 Халық үні 20.06.2023 | 11:44
Фото: ақпарат және қоғамдық даму министрлігі

Астанада Халықаралық волонтерлер форумы басталды.

Форумның мақсаты – волонтерлік қозғалысты қолдау және дамыту, волонтерлік қызметтегі қазақстандық тәжірибені таныстыру және елдің халықаралық сахнадағы жағымды имиджін қалыптастыру, сонымен қоса волонтерлердің статусын арттыру, ынтымақтастық пен өзара әрекеттесуді нығайту.

Форум аясында волонтерлердің қызметіне қатысты түрлі салалар талқыланады деп жоспарланған. Атап айтқанда, «Әлеуметтік волонтерлік және инклюзия», «Білім беру мен цифрландырудағы волонтерлік бастамалар», «Тұрақты даму мақсаттарын іске асырудағы волонтерлік үлесінің құндылығы мен маңыздылығы», «Жасыл із: волонтерлердің экологиялық проблемаларды шешуге қосқан үлесі» және басқа сессиялық алаңдар ұйымдастырылды.

Сонымен қатар мастер класс, питчинг және басқа форматтар ұйымдастырылды. Форум жұмысына 34 елден 40 спикер қатысады.

Спикерлер қатарында БҰҰ Еріктілер бағдарламасының атқарушы үйлестірушісі Тойли Құрбанов; Түркі мемлекеттері ұйымының Бас хатшысы Кубанычбек Омуралиев, Халықаралық Түркі мәдениеті ұйымының бас хатшысы Сұлтан Раев, Түркітілдес елдер парламенттік Ассамблеясының бас хатшысы Мехмет Сурейя Эр, АӨСШК Бас хатшысы Қайрат Сарыбай, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Атқарушы хатшысының орынбасары Дәурен Абаев, режиссер, «Мәдени бастамалар» қорының құрылтайшысы Тимур Бекмамбетов; музыкант, «AHBAP» Ассоциациясының президенті Халук Левент (Түркия); Қазақстандағы БҰҰ-ның тұрақты үйлестірушісі Микаэла Фриберг-Стори; Қазақстандағы UNICEF (ЮНИСЕФ) өкілдігінің басшысы Артур Ван Дизен және т.б. бар.

Сонымен қатар Қазақстанның барлық өңірінен делегаттар қатысып жатыр. Жалпы 400-ден астам адам қатысты. Оның ішінде 140 халықаралық ұйымдардың өкілдері мен шетелдік қатысушылар бар.

Айта кетейік, форум 2023 жылдың 20-21 маусымында өтеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама